Біздің өміріміздегі мәдениет

Бөлісу

Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды

Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды

Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі Армения астанасы Ереванда өткен халықаралық «DANCE SUPER STAR-2022» би байқауында жеңімпаз атанды.

Байқауға Армения, Грузия, Ресей, Беларусь елдерінің ең үздік би ұжымдары қатысқан. Көрермен мен қазылар алқасының назарына ұсынылған 47 би қойылымы арасында «Жорға» би ансамблі фольклорлық бағдарламасымен топ жарған.

Маңғыстаулық бишілердің шебер орындауындағы «Құсбегі» биі 1-орынды, «Бастаңғы» биі гран-при және «Салтанат» биі супер гран-при жүлдесін алған.

«Бұл байқау осымен 5-рет өткізіліп отыр. Қазылар алқасы құрамында Италия, Болгария, Ресей елдерінің мамандары болды. Біз фольклорлық бағытта ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, бозбала мен бойжеткен арасындағы сезімді, беташар рәсімін би арқылы көрсеттік. Ансамбльді дайындауда еңбектенген Ерлан Матайбаев, Айнұр Сариева, Қуандық Баянбердиев, Қуандық Таңатаровқа алғысым шексіз. Бұл жеңіс ұжымның 25 жылдығы аясында бишілерге керемет мотивация болды», - деді «Жорға» би ансамбілінің жетекшісі Серік Сариев.

 

Теги:

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через