Экология

Маңғыстауға әдемі құстар оралды

  Маңғыстауға әдемі құстар оралды

Жүздеген алқызыл қанатты қоқиғаздардың видеосы жұрт назарынсыз қалмады

 Маңғыстауға ең әдемі құстар оралды, деп жазды жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол квадрокоптермен түсірілген видеоны да жариялады.

Оның айтуынша, құстар Қаракөлге келіп қонған. Олар мұнда шамамен қарашаның ортасына дейін болады деп болжанды. Содан кейін Иран жаққа қыстауға аттанады. 

Жүздеген алқызыл қанатты қоқиғаздардың видеосы жұрт назарынсыз қалмады. Тұрғындар "ғажайып деп осыны айт", "неткен керемет, ал Нұр-Сұлтан болса көлдерін көміп әлек" деген сынды пікірлер жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің басында астанадағы Кіші Талдыкөл су қоймасына бір топ қоқиқаз ұшып келді.  Нұр-Сұлтанда кіші Талдыкөлді құтқару бойынша ауқымды акциялар өткені белгілі. Билік көлді құммен жауып, жаңа нысандар салғысы келді.

Алайда бұған жергілікті тұрғындар қарсы болды, оларды зооқорғаушылар, экоактивистер және журналистер қолдады. 

Осындай сәтте қоқиқаздың көлге келуі адамдарға табиғат берген сұлулықты жоймай, керісінше сақтауға белгі бергендей болды.

 Мәтіндегі ақпарат туралы

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру