Маңғыстауда салмағы 7 келіге жуық алып бала дүниеге келді

Маңғыстауда салмағы 7 келіге жуық алып бала дүниеге келді
фото: inbusiness.kz

       Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында салмағы 6 келі 880 грамм болатын бала дүниеге келді. Сәбидің жағдайы бірқалыпты.

       Нәрестенің анасы Мұнайлы ауданында тұрады, бұл - оның төртінші баласы.

       Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

       – Тексеру барысында босанатын әйелдің баласы өте ірі екенін түсіндік. Содан ақылдасып, оны кесарь тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс, - деп хабарлады облыстық перинаталды орталықтың баспсөз қызметі.

       Бала мен ана бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

       Шыққан кезде нәрестенің салмағы 6 келі 280 грамм болған.

       Төрт келіден асатын балалар - ірі, ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер алып бала саналады.

       ҚазАқпарат