Маңғыстауда қоқиқаздар қырылды

Маңғыстауда қоқиқаздар қырылды
фото: https://sputnik.kz

Маңғыстауда қоқиқаздар қырылды

Маңғыстауда қырылған қоқиқаздардың видеосы 14 сәуірде тараған болатын.

Мамандар Маңғыстау облысында қырылған қоқиқаздарды сараптамадан өткізе алмады. Себебі құс ұшалары шіріп кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілі Қуат Чумакаевтың айтуынша, құс ұшалары шіріп кеткен. Соның салдарынан сараптама жасау мүмкін болмай отыр.

"Сарапшылар қоқиқаздар қырылған жерге барды. Құстың бес ұшасы табылды. Мамандар бәрін қарап шықты, оқтың іздері анықталған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видео 14 сәуірде түсірілген болатын. Сараптама жасау мүмкін болмай отыр. Ветеринария саласындағы мамандардың айтуынша, қоқиқаздар ауа-райының қолайсыздығынан қырылуы мүмкін", - деді Чумакаев.

Оның сөзіне қарағанда, әлсіз құстар су тоғанын таппай, өліп қалуы да мүмкін. Қазіргі кезде полиция тексеріс шаралары бастады.

Айта кетері, қоқиқаз сирек кездесетін құстардың тізіміне кіреді. Оны атқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Мәтіндегі ақпарат туралы