фото: https://www.istockphoto.com/
Маңғыстауда оқушылар мектеп компьютері арқылы букмекерлік сайттарға кірген.
Бұл үшін 24 мектеп басшысы әкімшілік жазаға тартылды.
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында прокуратура қызметкерлерінің мектептердегі балалар қауіпсіздігін тексеруі кезінде оқушылар мектеп компьютері арқылы құмар ойындарының сайтына кіргені анықталған.
Оқушылар үшін мектеп компьютерлері арқылы интернет желісіне кіруде ешқандай шектеулер қойылмаған.
"Интернет браузерде іздеу жүйесінің мұрағатынан зиянды, соның ішінде букмекерлік кеңсенің парақшалары табылды. Компьютерлерде "Балалар сүзгісі" секілді, күдікті интернет-ресурстарды кілт сөздер арқылы автоматты түрде анықтау және бұғаттау бағдарламалары орнатылмаған. Анықталған заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне қадағалау актісі енгізілді", – деді Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарламасында.
Тексеру нәтижесінде білім беру мекемелерінің 24 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қауіпті интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.
Ақпарат дереккөзі: Informburo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через