Маңғыстауда нөсер салдарынан екі ауылды су басты

Маңғыстауда нөсер салдарынан екі ауылды су басты
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/

Өткінші нөсер жауын салдарынан Рахат және Теңге ауылдарының көшелері мен үй аулаларын су басты.

“Рахат ауылы-8 үй ауласы, 1 көше, Теңге ауылы- 4 үй ауласы, 3 көшелерін нөсер жаңбыр басты. Қазір комуналдық қызмет пен өндірістік мекемелерден 12 су сору техникалары, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі және комуналдық қызметтердің 5 мотопомпалары су сору жұмыстарын жүргізді. Жағдайға байланысты түнгі мезгілге де ауысыммен жұмыстар атқару жоспарланған” - деді Жаңаөзен қалалық әкімдігінің өкілдері.

Тұрғындар әлеуметтік желіде нөсер жауынның салдары түсірілген видео жариялады.

Қазақпарат