фото: https://turkystan.kz
Маңғыстауда 120 келі бекірені заңсыз аулаған адам ұсталды.
10 наурызда Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында "Lada 2112" маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді.
Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-не тапсырылды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через