фото: Фото:pexels.com
Бастапқыда ауылдастарын ғана тасымалдап жүрген зейнеткердің бүгінде тұрақты клиенттері бар.
Маңғыстауда 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізуші болып жұмыс атқарады. Осы уақыт ішінде зейнеткер 7 бала өсірген. Зейнеткердің бүгінде 15 немересі бар екен. Оның сөзінше, бастапқыда ауыл ішінде ғана жолаушы тасымалымен айналысқан.
«Өмірде түрлі қиындықтар кездеседі. Маған да қиын кезеңді еңсеруге тура келді. Балаларым кішкентай еді, ал күйеуім жоқ. Балаларды асырау үшін көлік жүргіздім. Басында ауыл ішінде такси жүргіздім. Ол кезде мұндай қызмет жоқ еді, ауылдастар таңғалды. Төрт немесе бес жылдан соң Шетпе-Ақтау тас жолына шықтым», – дейді ол.
Қазір зейнеткердің тұрақты клиенттері де бар. 24 жылдан бері бірде бір рет жол ережесін бұзбаған.
Гүлшара Жолдасбаева балаларына ұлттық тәрбие берген. Өз жұмысын да адал атқарады. Қазірге дейін зейнеткер 5 көлік ауыстырған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через