МӘМС қорынан 2 млрд теңге ұрланған

МӘМС қорынан 2 млрд теңге ұрланған
фото: /zhanaqorgan-tynysy.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан миллиардтарды ұрлаған. Компания бастығы мен есепшісінің жылмысқы әрекетін қаржы мониторингі агенттігі әшкереледі. 

Алматы облысындағы ауруханаларды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер өзіне қарасты медициналық ұйымдармен сыбайласып миллиардтарды қалтаға басыпты. Агенттік келтірген мәлімет бойынша, жымқыру схемасын олар былай жүзеге асырған: жалған құжат жасап, әртүрлі медициналық бұйымдарға тапсырыс береді. Алайда іс жүзінде ешқандай тауар сатып алынбаған. Күдіктілер осылайша 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаражатты ұрлады деп айыпталуда. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі: — ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде. Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
 

Дерерккөз ктк .кз