фото: sputnik.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният депутаттардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлеген жарналарының елу пайызын қайтаруға қатысты ұсынысына түсініктеме берді.
Бұған дейін депутаттар МӘМС жүйесін сынға алып, бір жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбеген азаматтарға жарнасының 50%-ін қайтаруды ұсынған болатын.
Алайда денсаулық сақтау министрі бұл ұсынысты құптамады.
"Бүгінде мұның барлығы заңнамалық тұрғыдан анықталған, бекітілген. Ақша қайтарылмайды. Биыл бұл адам ауырмаса, онда жылына орта есеппен түсетін 100 мың теңгенің 50 мың теңгесін оған қайтару қарастырылмаған. Себебі келер жылы оған 1 млн теңгенің медициналық көмегі қажет болатын шығар. Сондықтан бұл көмек барлығына бірдей қолжетімді болуы үшін қаражат қайтарылмайды", - деді Ғиният үкімет кулуарында.
Министрдің айтуынша, МӘМС жүйесі халықтың денсаулығын жақсартуға оң әсер еткен.
"Мысалы, коронарографияны, миокард инфарктісі кезіндегі жіті коронарлық синдром дертін алайық – оны емдеу құны 1,2 – 1,5 млн теңге. Сондықтан бұл жүйе бастапқыда "дені сау адамдар науқастар үшін, байлар кедейлер үшін төлейтін ынтымақты жүйе" ретінде құрылған, - деп түсіндірді Ғиният.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через