"Малды жаппай союдың қажеті жоқ": министр фермерлерді сабырға шақырды

"Малды жаппай союдың қажеті жоқ": министр фермерлерді сабырға шақырды
фото: © Пресс-служба акима Туркестанской области

Мал өсіретін фермерлер жем тапшылығы болады деп алаңдап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауа райының қолайсыздығынан малға қажетті жем-шөптің азаймайтынын мәлімдеді.

Биыл жауын-шашының көп болуына байланысты бидай су астында қалды. Астықтың түсімі азайып, фермерлер шығынға ұшырады. Ал мал өсіретін фермерлер жем тапшылығы болады деп алаңдап отыр. Бүгін ауыл шаруашылығы министрі оларды дүрбелеңге салынбауға шақырды.

"Жемге арналған астық жеткілікті деңгейде жиналады. Бағасы қымбаттамайды. Сондықтан дүрбелеңге салынбау керек. Малды жаппай союдың қажеті жоқ", - деді Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде астықтың 40 проценті жиналды. Бірақ былтыр дәл осы уақытта 70 процент болған. Ал жауын-шашынның кесірінен біраз бидайды кептіруге тура келеді.

Айта кетері, бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов астықты өңірлерде қыркүйек айының соңына дейін егін орағын аяқтауды тапсырды.

ҚазАқпарат