Лондонда Темза өзенін пластик қоқыстардан робот-акула тазалайтын болды.
Құрылғы таяуда ғана қолданысқа енсе де, өте тиімді екенін көрсетті. Мамандардың айтуынша, ол жұмыс барысында 23 мың пластик шөлмекті теріп, одан өзге тағы жарты тонна қалдықты жинап шыққан. Робот электр қуатымен іске қосылады және бір зарядталған соң суда 5 шақырымға дейін жүре алады. Ол дыбыссыз әрі ешқандай зиянды зат шығармай жұмыс істейді. Бұл құрылғы судың сапасын да бақылайды. Ерекше акула қазір саудаға шығарылған. Бағасы 24 мың доллар шамасында.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/593521-londonda-robot-zendi-o-ystan-tazartady
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через