фото: лімізде сым телефон қолданатын 2,1 млн абонент қана қалған Опубликовано: Бүгін, 26 ақпан 2024, 19:57 Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2063112-elimizde-sym-telefon-qoldanatyn-21-mln-abonent-qana-qalgan/
Ұлттық статистика бюросы былтыр байланыс қызметінің көлемі 7,1 пайызға өскенін мәлім етті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында байланыс қызметтерінің көрсетілген көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1 артық артық.
Негізгі байланыс қызметтері:
Интернет желісінің қызметтері – 556,7 млрд теңгеге (16,2 пайызға өскен)
ұялы байланыс қызметтері – 259,7 млрд теңгеге (4,1 пайызға төмендеген)
басқа телеком қызметтер – 247,3 млрд теңгеге (3,9 пайызға өскен)
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген телефон желілерінің саны 5,6 пайыз қысқарып, 2,1 млн абонентті құрады.
Ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 айда 0,7 пайыз өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлығы 25,2 млн ұялы байланыс абоненті болды. Тұрақты интернетті 3 миллион абонент (5,9 пайыз артық) пайдаланды.
Ақпарат дереккөзі:https://images.pexels.com/photos
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через