фото: 24 kz
Жаңа технология жыл өткен сайын қарыштап дамып жатыр.
Лас-Вегастағы көрме соның дәлелі. Мұнда әлемнің жетекші компаниялары халық назарына робототехника, ұялы байланыс, көлік жасау және тағы басқа салалардағы ең озық технологияларын ұсынды.
Бұл ADAM есімді робот-бариста. Бір қарағанға қарапайым сияқты көрінгенмен шағын құлтемірді аспазшылардың таптырмас көмекшісі деуге болады. Ол бір уақытта бірнеше тапсырманы атқара алады. Кофе мен шәйдің түр-түрін дайындап, тамақ та пісіреді. Қажет болса қонақтармен әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін аулуға дайын. Көрмеде бірегей роботтың қолынан дәм татқан келушілер таңданыстарын білдіріп жатыр.
Германиялық алпауыт Mercedes-Benz те көпшілікті таңқалдырмай қоймады. Компания көрмеде жасанды интеллектмен басқарылатын тақтасы бар CиЭлЭй санатындағы жаңа электромобилін ұсынды. Бұл көлік жасау саласында да жасанды интеллект ұтымды қолданыла бастағанын көрсетеді.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через