фото: autocentre.ua
Ішкі істер министрлігі аптап ыстық күндері жолға шыққанда қандай ережелерді қаперде ұстау керектігін еске салды.
Апталық онлайн-брифингі барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ыстық күндері көлікпен жолға шыққандарға мына ережелерді ұстануға шақырды:
- алыс қашықтықтағы сапарға таңертең немесе кешке ыстық басылған кезде шығу;
- медициналық көмек қобдишасы мен суды жүк салғышқа емес, өзіңе жақын жерде ұстау;
- қатты ыстық кезеңде көктайғақта қозғалғандай ақырын, сақ жүріңіз. Себебі жоғары температура жағдайында асфальт өзінің қасиеттерін жоғалтады және тайғақ болады;
- салқындату жүйесін үнемі бақылап, қозғалтқыштың салқындату жүйесіне күш түсірмеу;
- бакты толық толтырмаңыз. Өйткені, жоғары температурада дизель отыны мен бензиннің көлемі ұлғаяды, белсенді булану жүреді. Сонықтан мұндай жағдайларда өрт шығуы мүмкін. Осыған байланысты сапар алдында жарамды өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеру қажет;
- жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар жүргізушілер осындай уақытта жолға шықпағаны жөн;
- жағдайыңыз күрт нашарласа, көлікті дереу тоқтатып, басқа жүргізушілердің назарын аударыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз, құтқару қызметіне, полицияға қоңырау шалыңыз.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото autocentre.ua
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через