фото: inbusiness.kz
Қайтыс болған балалардың жартысынан астамы – жолаушылар.
Жыл басынан бері Қазақстанда кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1 046 жол-көлік апаты тіркелген. Одан 72 бала қаза тауып, 1152 бала жарақат алған. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді.
"Жалпы, күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, 10-нан астам бала жарақат алады. Бұл ретте, қайтыс болған балалардың 67 пайызы, яғни жартысынан астамы – жолаушылар. Қалған бөлігінде жаяу жүргіншілер ретінде қатысады", – деді спикер.
Сонымен қатар Ақтоты Боранова көп жағдайда ересектердің баласын автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзатынын жеткізді. Яғни, балаларды тасымалдау кезінде автокресло, күшейткіш, адаптер және тағы басқа құрылғыларды қолданбайды.
Ақпарат дереккөзі:informburo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через