"Күміс жас" жобасына 2023 жылдан бастап 50 жастан асқан қазақстандықтар да қатыса алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының" белсенділерімен кездесуінде айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Күміс жас" жобасы аясында әйелдерді жеке көмекшілер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, жас қызметкерлер үшін тәлімгерлер және тағы басқа қызметші ретінде жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады
"Жобаға қатысу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі, ал 30 АЕК (2023 жылы – 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде қаралады. Осылайша, аталған әйелдер санаты зейнетке шыққан кезде қазіргі кездегідей 20 мың теңге емес, жобаға қатысу өтіліне байланысты 70 мың теңгеге дейін алады" делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ, 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ және тек жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы алатын адамдар үшін жаңа шарт – жинақтаушы зейнетақы енгізілмек. Бұл жүйеден төлемдер жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына жүзеге асыратын қосымша жарналар есебінен төленеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через