Криштиану Роналду жарты жылда 136 млн доллар пайда тапты

Криштиану Роналду жарты жылда 136 млн доллар пайда тапты
фото: news.sportbox.ru

«Аль-Насра» футбол клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спортшының жылдық кірісі бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.

2023 жылы Криштиану Роналду 136 млн доллар пайда тапты. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Интер Майами» мен Аргентина құрамысының форварды Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Өткен жылы «ПСЖ» құрамында ойнаған Месси бір жылда 130 млн долллар тапқан болатын.

Криштиану Роналдудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның кірісінің ішінде клубтан түскен қаржы ғана емес сонымен қатар көптеген милллиондарды құрайтын демеушілік келісімшарттар да кіреді.

Осыған дейін Криштиану Роналдудың Гиннестің рекордтар кітабына енді.  Ол Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал спортшы атанды. 2016 жылы 7 қазанда оның оқырмандары 47 млн. 262 мың 909 адамға жеткен.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото news.sportbox.ru