фото: 24 kz
Берешегін кешіктірген борышкерлерге екінші мәрте кредит берілмеуі мүмкін.
Мәжіліс депутаттары несие беру ісіне өзгеріс енгізуге кірісті. Жаңа заң жобасы арқылы азаматтардың құқығын қорғау көзделеді. Мысалы, құжат борышкерлердің қыстың көзі қырауда жалғыз баспанасын тартып алуға тыйым салады. Бұл кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға да қатысты. Мұны Мәжіліс отырысында депутат Татьяна Савельева айтты. Сонымен қатар банк меншігіне өткен үйді бұрыңғы иесіне жалға беруді ұсынды. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар да несиеден уақытша босатылуы мүмкін.
Татьяна Савельева, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты:
- Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы қарашада алынды. Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Дегенмен, депутаттар келіспейтін тұстар бар. Мәселен, коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша әлі де қарауымыз керек. Халықтың кредит алуын төмендету бойынша өткен парламенттік тыңдауларда айтылған тағы да бірқатар маңызды мәселелер бар.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через