"Красивый-Казахский" стансасы қай жерде? Білесіз бе?

"Красивый-Казахский" стансасы қай жерде? Білесіз бе?
фото: inform.kz

Ақмола облысының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек қолжетімді болады. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Красивый-Казахский стансасына аялдайды.

Биыл алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын қорғау мәселесі бойынша тегін консультация беріліп келеді.

Медициналық пойыз Красивый-Казахский стансасына 21 шілде күні сағат 06:57-де келіп тоқтайды.

Ал 22 шілде күні сағат 20:00-де келесі стансаға аттанып кетеді.

Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеті жоқ аймақтарды қамтиды.

Осылайша, биыл шалғайдағы елді мекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды.

Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған. Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары 26 сәуір мен 17 шілде аралығында Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 стансасының тұрғындарына кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативті көмек көрсетіп үлгерді.

Айта кетейік,  «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 6 желтоқсанға дейін жүреді. Пойыздың жүру кестесін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бекіткен.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото inform.kz.