Короновирус салдарынан әлемде аштық күрт өсті

Короновирус салдарынан әлемде аштық күрт өсті

2020 жылы коронавирус пандемиясы салдарынан әлемде аштық мәселесі күрт өсті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мәлімдеді 

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген баяндамада өткен жылы аштық салдарынан 811 миллионға дейін адам зардап шеккендігі жазылған.

«2020 жылы әлемде аштық проблемасы бірден өсті. Бұған басты себеп COVID-19 пандемиясы болып отыр», делінген ұйымның сайтында.

Аштыққа ұшырағандардың басым көпшілігі – Азия халқы. Олардың үлес салмағы 418 миллион адамды құрап отыр. Ал Африка мемлекеттерінде 282 миллион халық аштыққа ұшыраған. Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы мемлекеттерде де ұқсас жағдай. Аталған мемлекеттердегі ашыққандар саны 60 миллион адамға тең.

Африкада аштықтың бірден өсіп кетуі алаңдатарлық мәселе. Ондағы аштыққа ұшырағандар саны халықтың 21%-ына тиесілі. Бұл әлемнің кез келген аймағына қарағанда екі есе көп.

 БҰҰ қамқорлығымен Римде Жаһандық азық-түлік жүйелері бойынша саммитке дайындық басталады. Оның қатысушылары аштықпен күрес, климаттың өзгеруі, теңсіздік және қақтығыстарды шешу жолдарын талқылайтын болады.


Ақпарат дерегі egemen.kz сайтынан алынды