Сеул тұрғындары үшін өздігінен жүретін такси қызметі қолжетімді болды. Әзірге автономды көлік қызметін барлығы бірдей пайдалана алмайды. Бірақ күзге дейін Кореяның кез келген тұрғыны мұндай көлікке тапсырыс бере алады. Жүргізушісіз таксидің алғашқы жолаушысы көлік министрі мен Сеул басшысы болды. VIP-тердің қауіпсіздігі үшін жүргізушіні отырғызды. Бірақ ол іс жүзінде түймелерді баспады.
Автономды таксиде жүргізушінің көзі мен құлағы - камера. Көліктің ішінде беріліс қорабы жоқ. Ал дисплейде таксидің алды мен артындағы қозғалыс туралы барлық қажетті ақпарат бар.
Жаңа технологиялар әйгілі Псай әнімен танымал Каннам аймағында көрсетілді. Бұл көшелер Кореядағы кептеліс ең көп кездесетін даңғылдың бірі. Бірақ жасанды интелект тәжірибелі жүргізушіден кем емес. Өйткені оған 26 жолға орнатылған құрылғылар көмектеседі. Сондықтан жүргізушісіз машина жаяу жүргіншілерді және бағдаршам түстерін сезеді, бір жолақтан екінші жолаққа ауыса алады. Такси кептеліс туралы ақпарат алып, бағыт бойынша ең тез жолмен барады.
Өзін өзі басқаратын машиналармен айналысатын компаниялар 2024 жылға дейін 4-деңгейдегі өзін өзі басқаратын көліктерді сатуға қажетті стандарттарға сай болады. Біз спутниктік байланыс, 3D карталары сияқты инфрақұрылымды белсенді түрде кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар автономды көліктермен апат болған жағдайда қолданылатын сақтандыру жауапкершілігі стандарттарын дайындаймыз. Вон Хи Рен, Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрі
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырмас үшін такси жұмыс күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Өйткені бұл уақытта кептеліс аз. Таксиге 3 жолаушы отыра алады. Жүргізушісіз көлікке қосымша арқылы тапсырыс беруге болады. Төлемақы онлайн режимінде төленеді. Әзірге бұл қызмет тегін.
Әзірге 2 такси ғана жүреді. Үкімет 2025 жылға қарай автобустармен қамтамасыз етуге тырысады. Ал 2030 жылға қарай Кореяның кез келген жерінде жүргізушісіз таксиге тапсырыс беруге болады деп жоспарлап отырмыз. Ли Хянг, Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің бөлім бастығының орынбасары
Келесі жылы автономды такси аймағы екі есеге артады. Жүргізушісі жоқ көліктер ұзындығы 49 шақырымға жуық жолдарда жүреді. Алдағы 3 жылда интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға Кореяда шамамен 876 миллион доллар жұмсайды.
Дереккөз 24kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через