Оңтүстік Корея алғаш рет өрт сөндіруге арналған дрондарын көрсетті. Тілсіз жаумен күресте қолданылатын сатылардың биіктігі 70 метрден аспайды. Сондықтан зәулім үйлердің жоғары қабаттарында өрт сөндіру үшін от лаулап жатқан ғимаратқа кіруге тура келеді. Енді мамандарға пилотсыз ұшатын құрылғылар көмекке келетін болды. Оңтүстік Чхунчхон өңірінде өткен жаттығуда дрондар сынақтан өтіп, өрт сөндірілді. Видеокамерамен жабдықталған біреуі өзге құрылғыларға от ошақтарының орнын хабарлап тұрды. Ал олар өз кезегінде сол жерлерге өрт сөндіретін арнайы сұйықтық шашқан. Дронда орнатылған камералар ғимарат ішіндегі адамдарды да көре алады. Сондай-ақ үй шатырына респираторлар мен оттек маскаларын жеткізетін аппарат бар. Ол сондай-ақ төменге салмағы 60 келі манекенді түсірді.
https://24.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через