фото: RT
Кейінгі 3 жылда Оңтүстік Кореяда 40 мыңға жуық кореялық суицид жасаған, сондай-ақ жастар арасында өзін-өзі өлтіргендер саны артқаны байқалады. Kazinform бұл туралы The Korea Herald басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кореяның Денсаулық сақтау министрлігі мен Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметі бойынша, 2020-2022 жылдар аралығында 39 453 адам өзіне қол жұмсаған.
Бұл көрсеткіш сол аралықта болған COVID-19-дан қаза тапқандар санынан асып түсті. Пандемия кезінде 32156 өлім тіркелген болатын.
Кореяда кейінгі бес жылда жалпы суицид саны төмендеді. 2018-2022 жылдар аралығында 100 мың адамға шаққанда 28,6-дан 25,2-ге дейін азайды. Дегенмен жасөспірімдер мен жастар арасында артып жатыр.
Өзіне қол жұмсау көрсеткіші жасөспірімдер арасында 100 мың адамға шаққанда 2018 жылы 5,8 болса, 2022 жылы 7,2-ге жеткен. Ал 20-29 жас аралығындағы адамдарда сол кезеңде 17,6-дан 21,4-ке көбейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через