фото: Сурет: pixabay
Корея геологтары Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын литий кен орнын тапты. Korea Times-тың хабарлауынша, зерттеу Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген. Геоғылымдар және минералдық ресурстар институты ғалымдары тапқан кен орнының аумағы 1,6 шаршы шақырым, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұрын бұл жерде тантал өндірілген екен. Ел үкіметінің тапсырысы бойынша жұмыс өткен жылдың мамыр айында басталған. "KIGAM" келесі жылы литий өндіруді бастау үшін аймақта бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через