Тамызда демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
Осы айдың 30 тамызы еліміздің негізгі мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күні аталып өтіледі. Қазақстан Республикасында мереке күндері демалыс жарияланады. Биыл Конституция күні сейсенбі күніне тура келеді. Осыған орай өткен жылдың соңында Үкімет басшысының арнаулы қаулысы шыққан. Онда демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етілген еді.
Демек, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі), ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі). Күндері демалыста болады. Жалпы бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через