Көлсай көлдері ұлттық паркіне баратын жол салынып, бөгет тұрғызылады. Бұл туралы Кеген ауданына жұмыс сапарымен барған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.
Сапар аясында Қайыңды көлін сақтап қалу мәселесі қаралды. Өңір басшысының сөзінше, соңғы жылдары аталған су қоймасындағы су деңгейі төмендеп кеткен. Сондықтан мәселінің шешімі ретінде мұнда бөгет салу жоспарланып отыр. Бұл мәселе Экология министрлігімен бірлесіп пысықталады.
Бұған қоса, таяуда саябаққа апаратын жолдың құрылысы басталып, электр желілері тартылады. Қазіргі таңда атты және жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жобасы әзірленіп жатыр.
Бұдан өзге, Көлсай аумағында биоәжетханалар орнатып, туристтік полиция бөлімшелері мен фельдшерлік-акушерлік пункт салу мәселесі қаралып жатыр.
Фото: stanok-kpo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через