Ішкі істер министрлігі елімізде көлік ұрлау қылмыстары азайғанын хабарлады.
Автокөлік ұрлау дерегінің 70 пайызында бұрын осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасаған, автомобиль есігін аша алатын адамдардың қатысы бар екені анықталды.
«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің тіркеуінде көлік ұрлау санаты бойынша 3086 адам тұр. Биыл қабылданған шаралардың нәтижесінде, ұрлық жасаған және біреудің көлігін мініп кеткені үшін 1046 адам, оның ішінде 68 қылмыс эпизодын жасаған 36 қылмыстық топ ұсталды. Соның арасында 732 адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Биыл бейнекамера арқылы 8892 қылмыстың беті ашылды, оның ішінде 226-сы көлік ұрлау қылмысына қатысты.
«Кейінгі 5 жылдағы автокөлік ұрлау мен біреудің көлігін мініп кету әрекетіне қатысты қылмыстарыға жүргізілген талдауға тоқталсақ, осы қылмыстардың 51,8 пайызға азайғанын байқауға болады», - деді министрдің бірінші орынбасары.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: somanyhorses.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через