Өңірлердегі 18 бекет өз жұмысын бастайды. Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5-ші қаңтарынан қайта жүзеге асырылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді. Енді 5-ші қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электронды кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет өз жұмысын бастайды.
2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты, көлік құралының санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта болады.
Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495 жеңіл көлік, 4040 жолаушы және 8 470 жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға 13,833 млрд теңге қаражат төленді.
Аймақтар бойынша көлік тапсырудың алдында Шымкент қаласы тұр. Аталған қала тұрғындары 12 068 көлік өткізген. Екінші орында 5175 тапсырған Алматы қаласы және үшінші орында 4788 техника өткізген Тараз қаласы тұр. Үздік төрттікті 3239 бірлік машина тапсырған Қарағанды қаласы жайғасқан.
Істен шыққан көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарламасы басталғаннан бері қабылдау бекеттері 214 932 көлік құралын кәдеге жаратуға қабылдады. Оның ішінде 194 163 жеңіл автокөлік, 14 590 бірлік жүк техникасы және 6 179 бірлік ауыр салмақтығы машина. Қабылданған техникалардың барлығы Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі.
Қабылдау бекеттерінің мекен-жайлары және электронды кезекке тұру recycle.kz сайтында «Қалықтарды басқару», оның ішінде «Ескі көліктерді қабылдау» бөлімінде орналастырылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через