фото: tolqyn.kz
Бұған дейін Қазақстанда көлік алу үшін 4 процентпен жеңілдетілген автонесие берілген еді.
Бұдан былай көлік алу үшін жеңілдетілген несие берілмейді. Жиналған қаражат қоғамдық көлік алуға жұмсалады. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге нүкте қойылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, ұстаным өзгермейді. Қоғамдық көлікті жақсарту, көбейту бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Біздің ендігі ұстаным – қоғамдық көліктерге басымдық беру. Себебі, жеке көлік емес, қоғамдық көлікке сұраныс жоғары. Оны пайдаланушылар да көп. Сондықтан біз бірінші орында қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через