фото: sputnik.kz
Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Telegram парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба тараған болатын. Аймақтағы полиция департаментінің қызметкерлері видеоның мән-жайын анықтады.
"Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болған. Көлік иесі – Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды". – делінген полиция хабарламасында.
Көлік айыптұраққа қойылды.
Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через