Көлігін гирляндамен безендірген жүргізушіге айыппұл салынды

Көлігін гирляндамен безендірген жүргізушіге айыппұл салынды
фото: Фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде жарық гирляндамен жүрген көліктің бейнесі полицейлердің назарынан тыс қалмады.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда кешкі сағат 18:44-те тәртіп сақшылары Химқалашық маңында қозғалыс жасаған «Hyundai» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көлігіне жарық гирляндаларды жапсырған. Полицейлердің көзінше құқық бұзушы безендірудің көзін жойды.

Аталған факт бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.

ҚазАқпарат