фото: Коллажды жасаған Қонысбай Шежімбай
Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын қалды. Елордада өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма бастығы Ерлан Бәкіров осылай деп ескертті. Ол сондай-ақ көлік салығына қатысты тілші сауалына жауап берді, деп хабарлады Standard.kz.
«Көлік сенімхат арқылы сатылған болса, меншік құқығы сатушыда қала береді. Уәкілетті органның мәліметінде ол көлік сатып алған адамның емес, сатып жіберген адамның атында тұрады. Сондықтан уәкілетті органның есебінен атыңыздағы көлікті шығарып тастағанша салық сізге салынады», - деді қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма бастығы Ерлан Бәкіров .
Зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар мүлік салығынан босатылады. Мұны БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында Ерлан Бәкіров растады. Сондай-ақ, ол мүлік салығының мөлшері неге жыл сайын өзгеретінін түсіндірді.
«Уәкілетті орган жыл сайын мүліктердің құнын қайта бағалап отырады. Осы құн өзгерген сайын мүлік салығы да өзгеріп отырады», - деді департамент өкілі.
Салық маманы мемлекеттік қызметшілердің №250 қалыптағы салық декларациясын алғаш рет мемлекеттік қызметке тұрғанда ғана тапсыратынын, одан кейін жыл сайын №275 қалыптағы декларация тапсыру қажеттігін түсіндірді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через