фото: https://sputnik.kz
Көлгінов 300-ден астам отбасын жаңа үйге көшіруге уәде берді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жылдың соңына дейін апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасыны жаңа баспаға көшіруге уәде етті.
Қала басшысы бірнеше апатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Мәселен, Рауан тұйық көшесінде бірнеше ескі үй бар. Электр сымдары мен кәріз жүйесі әбден ескірген. Шатырдан су ағады. Тіпті, пешпен отырған пәтерлер де бар. Ал дәретханасы сыртта орналасқан.
Қазіргі уақытта апаттық жағдайда тұрған баспананың орнына жаңа тұрғын үй кешені салынып жатыр. Оны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарланып отыр. Рауан тұйық көшесі тұрғындарды соған көшіріледі.
"Биыл апатты жағдайдағы ескі үйлердің арасында қауіпті күйдегі 18 үйдің тұрғындарын көшіреміз. Онда 300-ден астам отбасы тұрады", - дейді Көлгінов.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Елорда даму бағдарлама басталғалы бері, шамамен, 4 мың 200 отбасы жаңа үйге кірді.
Бүгінде астанада 200-ден астам апатты үй бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через