фото: sputnik.kz
Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратындағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті.
"Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды", - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.
Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через