фото: pexels.com
Кофе дақылының өнімділігі төмендеді
Кофе әлемдегі ең танымал сусын. Статистикаға сүйенсек, күн сайын шамамен 2 миллиард тостаған ішіледі. Ал, ең танымал кофе сорты - арабика қазірде әлемдік кофе нарығының 75%-ын құрайды. бұл туралы "Сапалы Қазақстан" плорталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Болашақта кофенің осы сортына жойылу қаупі төніп тұр. Мәселен, Африкада арабика өсіруге жарамды аймақтардың саны 2080 жылға қарай 65 пайызға азаяды деген болжам бар. Өйткені кейінгі 50 жылда кофе дәндерінің негізгі жеткізушілерінің бірі - Танзанияда өнімділік екі есе азайды. Оған себеп, таулардағы төменгі температура. Салдарынан кофе плантацияларына саңырауқұлақ инфекциясы әсер етіп, егіннің 50-85% -ін жойып жіберген. 2012-17 жылдары ел экономикасына 2,5 миллиард еуро шығын келіп, 2 миллионға жуық шаруа өз қожалықтарын тастап кеткен.
Ле Динь Ту, кофе экспорттаушы: - Соңғы жылдары климаттың өзгеруі кофе өнімділігіне қатты әсер етті. Біз кофе өсіретін аумақты кеңейте алмасақ та сапалы кофе алу үшін өсіру әдісін өзгертеміз. Таулы аймақтағы климат өзгерісімен күресу үшін, су тапшылығы сияқты қиын жағдайларға төтеп бере алатын жаңа сорттарды іздеп жатырмыз.
Фото pexels.com.
2050 жылға қарай кофе дақылын өсіруге жарамды аумақ шамамен екі есе азаяды, ал 2080 жылға қарай бұл өсімдік жабайы табиғатта толығымен жойылып кету қаупі бар. Кофемен қатар, шоколад индустриясы да біржола тоқтайды деп сарапшылар.
Шоколад индустриясы тоқтауы мүмкін
Жаһандық жылынудың әсерінен 2030 жылға қарай какао ағашын өсіру тиімсіз болады. Қазірдің өзінде кейбір африкалық, индонезиялық фермерлер какао бұршақтарын өсіруден бас тартып жатыр.
Халықаралық какао ұйымының мәліметі бойынша, кейінгі 40 жылда шоколад ағаштарын өсіруге жарамды аумақтардың ауданы 40%-ке азайды.
Сондай-ақ әлемдік какао экспортының 70%-ін қамтитын Гана мен Кот-д’Ивуардағы орташа температура 2 градусқа көтеріледі деген қауіп бар. Ал бұл болжам жыл сайын какаоға сұранысты арттырып жатыр. Әлемдік биржалардағы какао бұршақтарының құны ақпан басында 6000 долларға жетті. Жыл басынан бері бір жарым есе өскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 130 пайызға көп.
Нияз Мардан, сатушы: - 2020 жылы какао бағасы қымбаттады. Бұл әрине бізге, яғни шоколад сататын дүкендерге әсер етпей қоймайды. Өзім Бельгиядан үнемі 200-300 келі шоколадты тапсырыспен алдыртамын. Қымбат алған соң оны қымбат сатуға тура келеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через