Климттің «Желпуішті ханым» картинасы 86 миллион еуроға сатылып, рекорд жаңартты

Климттің «Желпуішті ханым» картинасы 86 миллион еуроға сатылып, рекорд жаңартты
фото: euronews.com

 Густав Климттің «Желпуішті ханым» деп аталатын картинасы аукционда 86 миллион еуроға сатылып, Еуропадағы ең қымбат картина ретінде рекорд жаңартты.

Ұсыныстар бірінен соң бірі шиеленісті соңына дейін сақтай отырып, бас айналдырар жылдамдықпен жүрді. Соңғы 29 жыл ішінде бір отбасының қолында болған суретті кім сатып алғаны әлі белгісіз.

«Желпуішті ханым» - Климттің ең үздік әрі соңғы портреті. Ол оны 1917-1918 жылдары, 55 жасында қайтыс болар алдында салған.

Бұған дейін Еуропа аукционындағы ең қымбат өнер туындысы 65 миллион фунт стерлингке (76 миллион еуро) сатылған Альберто Джакометтидің қола мүсіні «Жаяу адам I» болған.

ҚазАқпарат