Киноның қазақша тілі әлі табылған жоқ. «Алашұлы» тобы

Киноның қазақша тілі әлі табылған жоқ. «Алашұлы» тобы

Соңғы отыз жылда қазақ өнері мен өркениеті, әдебиеті мен мәдениеті ерекше жанданып, тың серпін алғаны анық. Ұлттық өнеріміз жаңаша дамып, заманауи деңгейге көтерілді. Тәуелсіз еліміздің талантты ұл-қыздары қазақстандық музыка мәдениетінің бүкіл байлығын өз биігінде көрсетіп, дүние жүзіне паш етіп жатыр. Дегенмен, шетелдік өнерпаздарға еліктеп, дәстүрлі өнерден алшақтап бара жатқан немесе өзге халықтың танымал дүниесін қазақша сөйлетіп, жеңіл жолмен арзан абырой жинауды көздеушілер де тым көбейіп барады. Сапалы, төл өнерімізге қырын қараған  бастаған мұндай жастармен қалай күресу керек?  Осынау өзекті мәселені патриоттық және рухты әндерімен танылған «Алашұлы» тобының жігіттерімен бірге талқылаған едік.