фото: massaget.kz
Отандық киноны дамыту өз қолымызда.
Танымал продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев осындай пікірде. Қазір креативті индустрияның бір саласы саналатын кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Әсіресе коммерциялық комедия жанрының аяқ алысы жақсы, - дейді Нұрлан Қоянбаев. Осыдан 5-6 жыл бұрын кинотеатрларда қазақ фильмдерін таңдап көру былай тұрсын табу қиын болатын. Қазір киногерлер арасында бәсеке бар. Демек, көрерменде таңдау бар. Продюсер прокатқа шығатын картиналардың жартысына жуығы, отандық өнім екенін айтады. Олар шетелдік нарыққа да шыға бастады. Кино арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, отандық өнімдерді жарнамалау керек, - дейді Нұрлан Қоянбаев.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Көптеген комедия болсын, боевиктер, басқа жанрларда жеке компаниялардың кинолары болуы керек. Оған халықтың ақшасын жаратудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ал, мысалы, Ыбырай Алтынсарин, Абылай хан туралы сондай киноларға міндетті түрде Мәдениет минитрлігі және бүкіл үкімет болып, халық болып ондай киноларға көп ақша бөлінуі керек. Ол киноны түсіре алатын мықты-мықты режиссерлер бізде бар.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через