Standard.kz порталы бас редакторының бірінші орынбасары, журналист Кенже Жұманұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» Орденімен марапатталды.
Ғылым мен білім,мәдениет пен өнер астанасы Алматы шаһарында өткен марапаттау рәсімінде мемлекеттік награданы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев табыстады.
Айта кетсек, «Құрмет» ордені экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін тағайындалады.