Кентаулық оқушы роботты «Қаражорғаға» билетті

Кентаулық оқушы роботты «Қаражорғаға» билетті
фото: https://kursiv.kz

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйі балаларды жан-жақты дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Жаңалыққа құштар, ізденімпаз жасөспірімдер робототехника саласын да қатар меңгеруде. Олардың жұмыстары қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялар негізінде жасалып жатыр.

«Өнертапқыш балалар үйірме жетекшілерімен бірлесіп, қазақтың ұлттық биі «Қаржорға» биін билейтін биші роботын жасап, көпті тәнті етті. Технологиялық туындыны дайындау барысында «SPIKE» бағдарламасын қолданған. Одан бөлек, өнертапқыштардың жасаған үйлерінің эскиздеріне қарап, болашақ құрылыс жобалаушылары өсіп келеді деуге болады», – делінген Кентау қаласы әкімдігінің баспасөзі таратқан хабарламада.

Қазақпарат