фото: pixabay
Аталған тамақтану орнында жаппай улану жағдайы осымен 3-ші рет тіркеліп отыр.
Бұл туралы Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Асқар Искаков мәлімдеді.
Кентау қаласында орналасқан "Ризық-Рауаны" фаст-фуд орталығында тамақтан уланғандар саны 92-ге жетті.
Аталған тамақтану орнында жаппай улану жағдайы осымен 3-ші рет тіркеліп отыр.
Қоғамдық тамақтану орнының иесі күдікті ретінде танылып, оның іс әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бар деп танылған. Дегенмен, жәбірленушілермен татуласуына байланысты, қылмыстық іс тоқтатылғандығы жөнінде Кентау қалалық полиция бөлімі қаулы шығарған.
"Нысан қызметкерлері алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден толық өтпеген. Жұмыс жасайтын 20 қызметкердің тек 12-де ғана медициналық кітапшалары бар. Шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары толық емес, өнімдерді сақтау кезінде олардың тауарлық көршілестігі сақталмаған, яғни ет өнімдері, құс еті өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, барлығы бір тоңазытқышта араласа сақталған. Қызметкерлердің жеке және арнайы киімдерін, жеке заттарын сақтауға арналған орын қарастырылмаған. Жұмыртқаны сақтауға, жуып өңдеуге арналған арнайы ыдыс бөлінбеген, өнімдердің жарамдылық мерзімдері өткен. Зертханалық зерттеуге алынған сынамалар жұмыс үстінде", делінген Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
SN.KZ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через