Мемлекет

Бөлісу

Келесі жылы нан екі есе қымбаттайды

Келесі жылы нан екі есе қымбаттайды

Келесі жылы нан екі есе қымбаттайды

Атырауда нан қымбаттап, бағасы 100 теңгеден 115 теңгеге көтерілген. Ал Қарағанды облысында бір бөлке нан 120 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлай көтерілуіне ұнның қымбаттауы себепші дейді. Ал сарапшылар алдағы уақытта нан екі есеге қымбаттайды деп болжап отыр. Нан бағасының өскеніне халық наразылығын білдірді. Сонымен қатар сатушылар да табыстың азайғанын айтып, өз шағымдарын жеткізді.

Наталья Маханова 20 жылдан бері нан сатумен айналысады. Орталық базарда дүкенді жалға алып отырған ол кәсібін тоқтатуға шешім қабылдаған. Себебі нан бағасы көтерілген сайын пайда да азайып барады дейді.

"Бізге де ыңғайсыз. Үлкен кісілер алмайды. Бағасын жазып та қойдық. Тұрғындар бағаны біз көтердік деп ойлайды. Қарт адамдарға қиын. Сауда жоқ. Тіпті 50 нан сата алмаймыз күніне. Бір наннан 5 теңге пайда көреміз. 50 наннан тек 250 теңге пайда деген сөз. Ол не болды?! Таңертеңнен кешке дейін тұрамыз", - деп шағымданды Наталья Маханова.

Атырауда нанның көтерме саудадағы бағасы 105 теңге, бөлшек саудада 115 теңгеге жеткен. Қарапайым халық 100 теңгенің өзін қымбат дейді. Ал жергілікті әкімдікте нан бағасының тек шекті бағасын ұстап тұра алатынын айтады. Сондықтан қазір бағаның белгілі межеден аспағанын алға тартып, қол қусырып отыр.

"Нанның өзіндік құнының артуына байланысты бағаны көтеруге мәжбүр болып отыр. Бірақ біздің шекті бағадан асқан жоқ. Бұл дегеніміз көтерме саудада бір келісі 193 теңге. Бөлшек баға 180 теңге", - деп мәлімдеді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жақын арада азық-түлдік корпорациясы арқылы қосымша 1 000 тонна бидай келетінін айтады. Министрлікке сұраныс жіберіп, келесі жылы 25 мың тонна бидай қажет екенін ескерткен. Бірақ халық та, наубайхана иелері де бағаның төмендейді немесе тұрақталады дегеніне сенбейді.

Қарағанды облысында соңғы жарты жылда азық-түлік, соның ішінде нан бағасының қымбаттағаны байқалған. Жазда бір бөлке нан 80 теңгеден сатылса, қазір 110-120 теңгеге дейін өскен. Тұрғындардың айтуынша наубайханаларда белгілейтін баға көтерілген. Бұл қалтаға айтарлықтай салмақ дейді олар.

"Шынымды айтсам, бағаның өсуі қатты әсер етіп жатыр. Дүкенге кірсең, қапа боласың. Себебі отандық өнімдердің бағасы шетелдік тауарлардан қымбат. Сонда бұл үкіметтің жасаған қастандығы ма? Мен көпбалалы әрі айлық табысы 80 мың теңгеден аспайтын жандарды білемін. Олардың қалай жан бағып отырғанын елестету де қиын", - деді Қарағанды тұрғыны Нина Силина.

Сарапшылар келесі жылы нан бағасының екі есеге қымбаттайтынын айтады. Тіпті "Азық-түлік" корпорациясы арқылы берілетін қосымша бидай да жетпей қалуы мүмкін дейді.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через