Кедейліктің жасырын белгісі
Үйдегі бірнеше жайсыздық пәтер иесі туралы көп нәрсе айта алады.
Олар көбінесе қаржылық қолайсыздықты тудыратын ұсақ-түйек заттар. Жағымсыз әсер қалдыратын заттардан құтылу үшін үйді мұқият қарап шығу керек.
Өңі кеткен тоқыма немес ескі сәнді киімдер
Дивандағы ескі көрпе немесе түтіккен шаңды перделер бөлменің әсерін бұзады. Ескі сәнді жұмсақ жиһаз төсеніштері де сондай жағымсыз. Оның тозығы жетіп тұрса, тіпті үстінде небір дақтар пайда болса пәтерде ұстаудың қажеті шамалы.
Сүйікті ыдысыңыз болса да, егер оның шеті шытынап, кетік пайда болса, ұстап керек емес.
Жасырын кедейліктің бес белгісі
Егер үйіңізге келгенде қонақтар мұндай заттарды көрсе, онда сізді жаңа ыдыс-аяқ сатып алуға қаражаты жоқ деп қабылдауы мүмкін.
Өзіңізді әдемі үйлесімді заттармен қоршау-бұл өзіңізге қамқорлық көрсетудің бір көрінісі екенін есте ұстаған жөн.
Қазір кенепке фотосуреттерді басып шығару өте танымал болды. Мұндай заттарды жиһаз дүкендерінен немесе ғаламтор желісінен табу өте оңай. Алайда, қалап алған керемет картиналарыңыз үйіңізден өз орнын таппаса, ол жағымсыз арзан затқа айналады. Кез келген картинка үйдің интерьерімен үйлесім таба бермейді.
Атласты төсек-орын
Денсаулығы мен жайлылығына қамқорлық жасайтын бай адамдар мақта немесе зығыр матадан жасалған төсек-орындарды жақсы көреді.
Кейбіреулер жібек матаны жақсы көреді. Бірақ бұл өте қымбат материал, ол әрқашан тиімді көрінеді. Атлас матасы да сәнді көрінгенмен, күнделікті қолдануға қолайсыздық тудырады. Әлдеқашан сәннен қалған.
Сәндік жастықтардың көптігі
Бұндай сәндік интерьер заты да қажет. Бірақ шектеулі мөлшерде ғана ұстауға болады. Егер қонақ бөлмелерде жастықтар үйлесімді көрінсе, онда жатын бөлмесінде мұндай заттың қажеттігі болмайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через