Zero деген ерекше атаумен кезекті отандық фильм түсіріліп жатыр. Продюсері әрі басты рөлді сомдайтын актер – танымал әнші Бағлан Әбдірайымов. Құмар ойынға тәуелді адамның өмірі осы фильмде көрініс таппақ.
Түсірілім басталғанына үш апта болды. Бүгінгі локация жаттығу залында. Шаршы алаңда Бағланды Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев жаттықтырып жатыр. Кезекті дубль. Кезекті диалог. Көпшілікке әнші қырымен танымал Бағлан бұл фильмде өзін сомдайды. Сценарий үш жыл бұрын жарыққа шыққан өзінің «Ақ пен қара» кітабына негізделіп жазылған
Адасқам, ойнағам. Бірақ кейіннен ел алдында мойындау арқылы, не үшін адастым, неге ойнадым деген сұрақтар қою арқылы кейін түсіне бастадым. Zero дегеніміз, біріншіден, біз әшейін қарапайым өмірде қолданамыз ғой, зироу – нөл. Ойнаған адам, адасқан адам, банкрот болған адам нөл болады. Ал енді кейбір жетістікке жеткен адамдардың да әңгімесі бар, «мен нөлден бастағам» деген сияқты. Осындай тақырыпты ашып тұр. Бағлан Әбдірайымов, фильм продюсері.
Фильм режиссері Руслан Расылхан туындының түсірілуіне түрткі болған адамдардың бірі. Өйткені Бағланның казинода адасқан жылдары қасында бірге жүрген, бәрін өз көзімен көрген. Құмар ойынның құлына айналған досын сол ұйықтан шығаруға талай тырысқан да. Сценарий таза өмірде болған оқиға негізінде жазылған.
Қазіргі түсіріліп жатқан фильмнің желісі толығымен өмірде болған. Бағланның басынан өткен. Тимур Жақсылықов ағамызбен кездесіп, осыны айтып бергеннен кейін, қане, жігіттер, кино түсірейік деді. Руслан Расылхан, режиссер.
Бағланның осы әрекеттен шығуына Бахтияр Артаевтың үлкен, бірден бір себебі тиген. Сол себепті де осы кішкентай сәтті киноға қостық. Түсірілім алты күннен кейін аяқталады. Артынша бірден монтажы басталады. Ойлаған жоспары орындалса, фильм жаңа жылдан кейін көрерменге жол тартады.
Дереккөз ktk.kz. Фото: www.youtube.com, Кинопоискғ www.pinterest.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через