Kaspi.kz арқылы төлеп, ақылы жолда 50% жеңілдікпен жүруге болады

Kaspi.kz арқылы төлеп, ақылы жолда 50% жеңілдікпен жүруге болады

Kaspi.kz арқылы төлеп, ақылы жолда 50% жеңілдікпен жүруге болады

Ақылы жолда 50% жеңілдікпен жүруге болады.  Kaspi.kz арқылы төлеп, ақша мен уақытыңызды  үнемдейсіз.

Ақылы жолдардағы төлем бекеттерінде жиі кезек пайда болады. Бұған себеп – жүргізушілердің көпшілігі жол ақысын дәл сол жерде төлеп, уақыт алады.

Kaspi.kz ұялы қосымшасында жол ақысын алдын-ала  50% жеңілдікпен төлеп, ақылы жолдардағы бекеттен арнайы жолақпен санаулы секундта өте шығуыңызға  болады.

Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлемдер» бөліміндегі «Ақылы жолдар» санатын тауып, мұны басты беттегі іздеу арқылы табуға да болады, автокөліктің мемлекеттік нөмірін енгізіп, қаражат толтыру керек.

Бекетте «Абоненттер/Алдын-ала төлем» жолағы арқылы өтуге болады. Камера автокөлік нөмірін оқыған соң, шлагбаум автоматты түрде ашылады, сіздің қаражатыңыздан жол ақысы автоматты түрде 50% жеңілдікпен алынады. Барлық әрекет бірнеше секундқа ғана созылады.

Қазіргі кезде елімізде төрт ақылы жол жұмыс істеп тұр. Олар  «Нұр-Сұлтан-Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы-Қапшағай».

 

https://dalanews.kz/