Каспийде бір күнде 58 браконьер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі бірлескен шараның нәтижесін жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері браконьерге қарсы жедел профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді.
"Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқықбұзушы және 23 жүзу құралы ұсталды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдары тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Каспий теңізіне 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді.
Ал ұсталған адамдарға 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Шекарашылар мемлекетке 588 миллион теңгеден асатын залал келтіруге жол бермеді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через