Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды

Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды
фото: © Photo : Facebook (запрещено в РФ) / Caspian Seal Research and Rehabilitation Center

Каспий теңізінде итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті.

29 наурызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы маңындағы Каспий теңізі жағалауында итбалықтардың өлексесін тапқан.

"Сағат 15-00-дегі жағдай бойынша 62 өлі итбалықтың өлексесі табылды", - деп жазды ведомство.

Итбалықтар табылған жерге экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған.

"Өлі итбалықтар табылған жерден су сынамасы алынды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауында монтиоринг жүргізіп жатыр", - дейді комитет.

ҚазАқпарат