Каспий жағалауына екі мыңнан астам адам жиналып, тасаттық берді

Каспий жағалауына екі мыңнан астам адам жиналып, тасаттық берді
фото: https://sputnik.kz

Каспий жағалауына екі мыңнан астам адам жиналып, тасаттық берді

Ақтау тұрғындары Каспийдің жағасына жиналып, тасаттық берді.

Қаланың 15-ші шағын ауданындағы амфитеатрдың алдына екі мыңнан астам адам жиналған. Барлығы намаз оқып, тасаттық рәсімдеріне қатысты. Шараға Маңғыстау облысының діни басқармасы бастамашы болды.

Бекет ата атындағы мешіттің бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер тасаттық салтын өткізуді сұраған. Осыдан кейін басқарма жергілікті биліктен рұқсат алып, халықты жинады.

"Мұхаммед пайғамбардың заманында халық қаланың сыртында жиналып, намаз оқитын. Сөйтіп, Алладан жауын сұрайтын. Қазір бізге де жаңбыр керек", - дейді Елжанов.

Айта кетері, былтыр Маңғыстау облысында қуаңшылықтан біраз мал қырылды.

Мәтіндегі ақпарат туралы