Каспий теңізінен 187 шақырым браконьерлік ау табылды

Каспий теңізінен 187 шақырым браконьерлік ау табылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазақстанның шекарашылары 63 браконьерді ұстады, олардан 187 шақырым заңсыз ау тәркіленді және жойылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Каспий теңізіндегі арнайы операция 1 сәуірде басталды. Операция республиканың мүдделі мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Ресей мен Әзербайжанның шекара ведомстволарымен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

"Бірлескен іс-шаралар басталғаннан бері 39 шағын көлемді кемедегі 63 ереже бұзған адам ұсталып, 187 шақырым браконьерлік құрал тәркіленді", - делінген хабарламада.

3 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

"1041 бекіре тұқымдас, 14659 частик тұқымдас және 63 итбалық табиғи ортасына жіберілді", - деп хабарлады шекарашылар.

Мемлекетке келтірілген шығын 2,1 миллиард теңгеден асты, деп хабарлады Шекара қызметі.

ҚазАқпарат